Нұрсұлтан Назарбаев Ақан Сатаевты қабылдады
Елбасы тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының дамуына ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Сен біраз фильмді түсіріп, көзге түстің. «Анаға апарар жол», «Томирис» фильмдерін ел жақсы қабылдады. Түрлі фестивальде көрсетіліп жатыр.
Ақан Сатаев, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті:
- Бүкіл шығарылым өндірісін толығымен Қазақстанда жасаймыз. «Қазақфильм» шеңберінде декорация саламыз. Киноны бітірген соң, этноқала сияқты туристер келетіндей «Қазақфильм» музейін жасағымыз келеді. Сондай-ақ 5-6 жыл тұратындай етіп, мектеп оқушылары, студенттер келіп экскурсия жасайтындай болуы керек.