Елордада ҚХА ұйымдастырумен жиын өтті
Осымен бесінші жыл Алғыс айту күнін атап өтіп жатқан қазақстандықтардың ең басты үш құндылығы – осы. Осыны, әсіресе, жас ұрпақ жадында сақтауы тиіс. ҚХА ұйымдастырумен елордада жиын өтті. Оған ел ағалары мен жастар қатысты. Жиында мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қазақстан халқының өткеніне толық тарихи шолу жасап, оған объективті баға беруіміз керектігін айтты. Оның ойынша, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жұмыстарын аяқтап, осылайша тарихи әділеттілікті қалпына келтіру керек.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Тағдырдың осындай талай сынағына төтеп бере жүріп, жаны жомарт, мінезі қайсар қазақ халқы кеңестер кезінде дүрбелеңге түсіп, депортацияға ұшыраған көптеген ұлт пен ұлысқа пана болды, құшағын жайып, есігін ашты, шиеттей бала-шағасының аузынан жырып, бір түйір нанды бөлісіп жеді. Бәрі бір кісінің баласындай бауырмал тірлік кешті. Халқымыздың сол ыстық ықыласы бүгінгі Тәуелсіздік жылдарында іргесі сөгілмес береке мен бірліктің, ырысы мол тірліктің кепіліне айналып отыр.