Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келген ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдау барысында осылай деді. Зась Мемлекет басшысына ұйымның хатшылығы жүргізіп жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады. Ал Қазақстан Президенті ұйымның дамуына қажет бірқатар ұсыныс айтып, Қазақстан тарапы ұйым шеңберінде саяси ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді. ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған. Оның құрамына Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан және біздің ел кіреді. Биыл ұйымға Тәжікстан төрағалық етіп жатыр.