Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен кездесу өткізді
Президент пен профессор әлемнің ендігі дамуы коронавирустан кейінгі геосаясат тақырыбында пікір алмасты. Президент америкалық ғалымға Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтары, соның ішінде Орталық Азия аймағына қатысты ұстанымдары туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев әңгімелесу соңында эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін Фрэнсис Фукуяманы Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Профессор өз кезегінде Қазақстан Президентіне онлайн форматтағы кездесуіне алғысын айтты. Айта өткен жөн, Фрэнсис Фукуяма – бірнеше рет беделді Foreign Policy басылымның нұсқасы бойынша әлем ойшылдарының жүздігіне енген ғалым.