АҚШ Президенті Джо Байден қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
«Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президентінің Әкімшілігі өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді. Жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз», – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ Джо Байден өз әкімшілігінің Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге деген ниетін айта келе, «С5+1» диалог процесін жалғастыруға мүдделі екенін жазған. Наурыз мерекесі қарсаңында АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.