Мемлекет басшысы Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Екіжақты қарым-қатынастың перспективаларын талқылау барысында Мемлекет басшысы Қазақстан Швециямен арадағы ықпалдастықты экономикалық және гуманитарлық салаларға баса мән бере отырып, одан әрі нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Анн Линде Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретіндегі осы сапарының өзі үшін маңызды екенін жеткізді.
Анн Линде, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы:
- Бұл сапар мен үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде үлкен басымдыққа ие. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстанмен қарым-қатынасына үлкен мән беретінімізді атап өткім келеді.