ҚР Президенті ресми сапармен Тәжікстанға барды
Қорған Қонысбайұлы, тілші:
- Мемлекет басшысының борты Душанбе әуежайына жергілікті уақытпен сағат бес кезінде келіп қонды. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан Президент Эмомали Рахмон күтіп алды. Енді ертең Мемлекеттер басшылары әуелі шағын, кейін кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізбек. Жиында саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық берілмек. Сондай-ақ өңірлік кооперацияны жандандыру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету де осы кездесуге арқау болмақ.
Бұл – Мемлекет басшысының биыл сыртқа жасаған алғашқы сапары. Елдерінде індеттің беті қайтқан соң, Президент Эмомали Рахмон мамырдың басында Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстанға ресми сапармен келуге шақырған еді.
Авторлары: Қорған Қонысбайұлы, Жандос Битабаров, Алмас Омарғалиев, Дулат Ентебеков