Қ. Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі З. Халилзадты қабылдады
Мемлекет басшысы алдағы уақытта өзге елдердің және халықаралық ұйым басшыларымен жүргізген келіссөздер кезінде де бұл мәселені ұмыт қалдырмайтынын жеткізді. «Ауғанстанның тұрақтылығы мен дамуын қайта қалпына келтіру үшін бірлесе іс-қимыл жүргізуге дайынбыз», - деді Президент. Тараптар кездесуде АҚШ пен НАТО әскерлерінің осы елден шығарылу барысы жайында да пікір алмасты.