Қасым-Жомарт Тоқаев ел дипломаттарын мерекелерімен құттықтады
Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен Мемлекет басшысы құттықтады. «Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық жолын Кеңес одағы кезінде бастап, Қытай және Сингапур елдерінде қызмет атқарған.