Мемлекет басшысы Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның аса жауапты лауазымға ие болуымен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Сізге артылған сенім қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың нәтижесі», – делінген. Сондай-ақ Премьер-Министр мен армян халқына мол табыс, өркендеу тілеп, арадағы қарым-қатынастың нығая түсеріне сенім білдірген.