Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдері Президентке есеп берді
Індет жұқтыру бір аптада бір жарым есеге артыпты. Президентке Алматының ахуалы жайлы есеп берген әкім Бақытжан Сағынтаев: «5 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек алдық», – деді. Жаппай егу науқаны жалғасып жатыр. Ал Алматы облысының әкімі Амандық Батталов елді мекендерді таза сумен қамту, Үшаралдағы әуежайды жаңарту жұмыстары жайлы айтып берді. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшысына ішкі туризмді ілгерілетуді тапсырды. Ал қала әкімімен Абай даңғылын ұзарту және қаланың тарихи орталығындағы құрылысты шектеу жайлы сөйлесті.