Мемлекет басшысы ҚР Бас прокурорын қабылдады
11 мыңнан астам тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Бұл – Президенттің қабылдауында болған Бас прокурордың мәліметі.
Ғизат Нұрдәулетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі қылмыстық ахуал, алаяқтық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және басқа да қауіпті құқық бұзушылықтарға қарсы күрес туралы баяндады. Бұдан бөлек қылмыстық істі жүргізу мен қоғамдық мүддені қорғау туралы есеп берді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігінің маңызын айтып, бірқатар тапсырма берді.