Президент Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа басшы тағайындады
Ал оның орынбасары қызметін Батырбек Байбосынов атқарады. Президент Мемлекеттік күзет қызметінің мойнында үлкен жауапкершілік бар екенін айтты. Бұл құрылымның барлық қызметкерінен, әсіресе басшылықтан ерекше білім мен біліктілік талап ететінін ескертті. Кадрлық әлеуетті арттыру күн тәртібінен түскен емес. «Сондықтан жаңа басшы кадрларды іріктеуде дәл осы ұстанымдарды басшылыққа алуы керек», - деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сағымбаев Ермек Алдабергенұлы менің жарлығыммен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Ол – осы ұжымнан шыққан қызметкер, тәжірибесі мол, білімі де бар. Сондықтан бұл жауапты міндет қолынан келеді деп сенемін.