Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады
Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыруға атсалысатын шетелдік компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдау кезінде Елбасы айтты. Кездесуде оқу орнының 10 жылдағы жетістіктері мен алдағы даму стратегиясы талқыланды.
Білім жарысындағы бәсеке күшейген уақытта жаһандағы озық деген технологияның тілін білетін білікті мамандарды дайындау керек еді. Назарбаев Университеті ашылған тұста негізгі мақсат осы болатын. Қазіргі нәтижеге қарап, ойлаған іс орындалғанын аңғарамыз. Себебі университет түлектері қатарының алды, елдің түкпір-түкпірінде еселі еңбек етіп, сан саланың сабын ұстап отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Университет создан по моей инициативе. В 2010 году принял своих первых студентов. С тех пор прошло всего 10 лет, и наш университет стал основным образовательным обьектом страны. Вошел в ТОП-10 СНГ, в ТОП-100 азиатских университетов, также продолжает развиваться.
Он жылдағы орасан жұмыс нәтижелі. Қазір Назарбаев Университеті тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия мен Батыс Еуропа аймағындағы іргелі оқу орындарының қатарына қосылды. Ендігі меже – үздік 200 білім ордасының санатына ену. Назарбаев Университетінің халықаралық әріптестері көп. Ең бастысы – олар қазақстандық білімнің сапасын мойындайды, бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталы. Бұл да бір табыс.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Молодому государству нужны были современные кадры, поэтому я сначала объявил программу «Болашак», и постепенно «Болашак» перешел в наш университет. Мы многих бакалавров перевели сюда, и оплата за учебу за рубежом была в два раза больше, теперь в два раза ниже. Я постоянно посещаю, вручаю дипломы. Последние 2 года из-за коронавируса встречи не состоялись. Надеюсь, что в этом году буду в университете, и мы встретимся.
Университет басшысын қабылдау кезінде Елбасы жасанды интеллект технологияларын дамыту жобаларына жеке тоқталды. Қазір Алматыда арнайы кампус ашу жұмыстары басталып кетті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Дальнейшее развитие нашей программы — это создание кампуса искусственного интеллекта, который я планирую создать в Алматы. Провели переговоры с иностранными компаниями, которые будут принимать участие, финансировать. Это автономное учебное заведение. Принят спецзакон по НУ. Это себя оправдывает, хотя по началу был скепсис. Абсолютное соблюдение принципа меритократии, честность, открытость, некоррупционный подход к образованию — все это дает свои результаты. Мы это видим.
Ерте ме, кеш пе жасанды интелект адамзат тұрмысының бір бөлігіне айналады. Оны қазіргі замандағы өрелі өзгерістерден-ақ аңғаруға болады. Елбасы жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, биоинженерия, нанотехнология, бір ауыз сөзбен айтқанда, инновациялар алға бастайтынын үнемі айтады.
Шигео Катсу, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті:
- Кампусты ашу – Тұңғыш Президент біздің алдымызға қойып отырған мүлде жаңа міндет. Бұл цифрлық технологияларды дамытуға байланысты мақсаттарға жету үшін қажет. Жасанды интеллект келешекте адамның өмірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан да әлеуеті жоғары салаларға қажетті жас кәсіби мамандарды даярлауды жоспарлап отырмыз. Алматыда ашылатын кампус Назарбаев Университетінің бір бөлігіне айналады. Бұл біздің басқа қаладағы алғашқы бастамамыз.
Мұндағы білімнің сапасы ешкімнен кем түспейді, соның бір дәлелі – Назарбаев |Университетінде оқыған бакалаврлардың 40% АҚШ-та, Қытай мен Жапонияда, Еуропаның көптеген елінде оқуын жалғастырып жатыр. Сосын Азия университеттерінің альянсында аймақтың атынан қазақстандық оқу орны көш бастап тұр. Альянсқа Цинхуа, Токио, Сеул, Гонконг пен Сингапурдағы белгілі білім ордаларының қосылғанын ескерсек, бұл да Назарбаев Университетінің абыройын арттырады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Будущее университета еще впереди. Мы будем продолжать развиваться. Я думаю насчет того, чтобы в других регионах тоже создавать подобное, но уже наш университет стал примером для многих вузов. Они подтягиваются.
Он жылдың ішінде университет ғылымды дамытуға ерекше ден қойды. Зерттеу жұмыстарына барлық жағдай жасалды. Жобаларды коммерцияландыру, патенттеу бойынша біраз шаруа атқарылды. Университеттің студенттері мен ғалымдары 100-ден астам жобаны жүзеге асыруды қолға алды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- В своё время я Вас пригласил на эту работу, и Вы все эти годы являетесь бессменным руководителем университета. Во всем, что я говорил, ваша заслуга большая.
Әлемдегі үздік деген оқу орындарымен бірлесіп, түзілген бағдарламалар заманның сәт сайын жаңарып отыратын талаптарына тегіс сәйкес келеді. Білімге құштар жанға мұнда мүмкіндік мол. Жыл сайын гранттар бөлінеді. Жыл сайын мыңдаған түлек қолына диплом алады. 2025 жылға қарай бұл жерде 8 мыңға жуық студент оқитын болады, ал шет елдерден келіп білім алушылардың саны 10% өседі. Бұл да алдағы күннің межесі.
Авторлары: Дархан Әбдуахит және Дулат Ентебеков