Хабар телеарнасы

Елбасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасын қабылдады

Тек биылдың өзінде олардың 29%-і аталған университетке оқуға түсті. Тағы 78-і әлемдегі жетекші университеттердің студенті атанды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім ордасының басшысы Күләш Шамшидинованы қабылдап, алдағы даму жоспары туралы сөйлесті. Бүгінге дейін мектепті 14 мыңнан аса бала бітіріпті. Олар математикалық қарым-қабілеті бойынша әлемде 3-орында тұр. Жаратылыстану ілімі бойынша 5-ші, оқу сауаттылығы жөнінен 9-шы орында екен.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

 - 2008 жылы менің ұсынысыммен осы жұмысты бастадық. 21 мектеп ашылды. 16 мың бала оқып жатыр. Халықаралық емтиханның да бағалары жақсы. Балалар халықаралық олимпиадаларда жеңіске жетіп жатыр.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы:

 - Қазақстан географиядан өмірі орын алмаған. Биыл біздің 2 бала: біреуі алтын, біреуі күміс медаль алды. Қазір республикалық команданың 30% біздің балалар құрайды. Мектебімізде оқып жүріп авторлық патент алғандар бар. Себебі біз білімді практикамен ұштастырамыз. Бізге ең көп көмек көрсетіп отырған «Болашақ» пен «Назарбаев» университеті. Түлектеріміз қазір мұғалім болып өзіміздің мектепке қайтып келіп жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы, кеше қарап шықтым, ағылшын тілінде Назарбаев мектебі туралы ақпарат алуға 60 млн астам сұраныс шығыпты. Жалпы бізге сұраныс өте үлкен. Біздің методиканы қарап, біліп жатқандар көп.