Н. Назарбаев «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Ол сондай-ақ қордың 2022 және 2031 жылдарға арналған даму стратегиясын таныстырды. Оған сәйкес қор инфрақұрылымдық, экспорттық және ипорталмастырушы жобаларға салынатын инвестицияны арттыруды жоспарлап отыр. Қордың бұл ойын кеңестің отырысына қатысқандар толық қолдады. Сондай-ақ кеңес мүшелері қордың төмен көміртекті дамуға көшу жөніндегі тұжырымдамасын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарын толық қолдап отыр.
Елбасы энергия жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жергілікті үлесті арттырудың, экономиканы әртараптандырудың, соның ішінде ішкі нарықты тауармен қамту мен экспорт үлесін ұлғайтудың маңыздылыған тоқталды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қордың шетелдік әл-ауқат қорларымен ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл ретте Біріккен Араб Әмірліктерін үлгі етуге болады, біріншіден олардың тәжірибесі мол, екіншіден, инвестициялық мүмкіндіктері зор.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- COVID-19 пандемиясы күллі әлемге үлкен өзгерістер әкеліп жатыр. Біз соңғы кездесуімізде онжылдықтарда болмаған ең қиын дағдарыстың куәсі болып отырмыз дегенбіз. Қазақстан бұл қиындықтарды да бұрынғылар сияқты жеңеді деп сенеміз. Бұған дейін де барлық дағдарыстарды еңсеріп келеміз. Бұл дағдарысты да біз бірге өтеміз. Менің тапсырмам бойынша Қор ковидпен күресу және халықты инфекциядан қорғау үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында медициналық орталықтар салуда. Қорды басқару жөніндегі кеңестің өткен отырысында айтылған «Самұрық-Қазына» қорының басым жобаларын дер кезінде жүзеге асыруымыз қажет. Жүзеге асырылып жатқан барлық жобалардың халық үшін маңызы орасан зор. Сонымен қатар үлкен отырыста Қорды одан ары дамытудың пайымы мен негізгі басымдықтары таныстырылды. Жаңа басымдықтар ұлттық әл-ауқат қорын дамытудың үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес келетіндігін қолдадық. Бүгін біз Қордың 2031 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын қарастырайын деп отырмыз.