Ералы Тоғжанов наразылық акциясына қатысты Үкіметтік комиссияның шешімін жариялады
Ол өз сөзінде комиссия мүшелері қабылдаған шешімнің негізгі бағыттарын атады.
Ералы Тоғжанов, Үкіметтік комиссияның төрағасы:
- Біріншіден, сұйытылған газдың бір литрі 50 теңге болып бекітілді. Облыстық қалалар мен аудандарда газ құнының мөлшерін саралау ҚазМұнайГаз АҚ есебінен жүзеге асырылады. Екіншіден, қазіргі уақытта біздің берген уәдемізге сәйкес интернет ресурстары іске қосылды. Үшіншіден, құқық қорғау органдарымен наразылық акцияларына қатысушылардың қудаланбауы туралы сол жерде әңгіме болды. Ол нақты қабылданған шешімге байланысты жүзеге асырылуда. Төртіншіден, Қаражанбас пен кен орнының вахталық жұмысшыларын Ақтау қаласына тасымалдауға көліктер бөлу туралы комиссияға қатысқан азаматтардың нақты ұсыныс тастаған. Ол да нақты шешімдерін тапты. Сонымен қатар өзге де әлеуметтік сұрақтар алдағы уақытта міндетті түрде қаралады. Бұл мәселелердің шешімі Мемлекет басшысының тікелей қадағалауында.