Қ. Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге еліміздегі ахуалдың тұрақталып келе жатқанын жеткізді. Дегенмен, лаңкестік шабуылдардың ошағы әлі де сақталып отыр. Сондықтан терроризмге қарсы күрес жалғаса беретінін айтты. Мемлекет басшысы жақын күндері Ұжымдық Қауыпсіздік Шарты Ұйымы саммитін онлайн форматта өткізуді ұсынды. Кездесу мерзімі әлі де келісіледі.