Б. Уәли: Президент шешімді өзі қабылдайды
Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли осылай деп мәлімдеме жасады. Хабарламаны Ақорданың баспасөз қызметі таратты.
Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:
- Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жариялануда. Осыған байланысты мынадай мәлімдеме жасау қажет деп санаймын: Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де осылай болған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арнаған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды.