ҰҚК: екі лаңкестік топ ұсталды
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәлім болғаны, қаңтардың 4-і мен 8 аралығында Алматыдағы террорлық актіге қатысқан 2 экстремистік топ жойылды. Қаңтардың 9-ы күні лаңкестердің 4 мүшесі ұсталды. Олар ел аумағында тыйым салынған экстремистік ұйымға адам тарта отырып, жаппай бүлік ұйымдастырды деген күдік бар. Күдіктілер жасырынған жерлерде қару-жарақ, жарық-шу гранаталары, оқ-дәрі, діни кітаптар мен өзге де айғақ заттар табылған. Қолға түскен лаңкестік топтың басшысы сырттағы ұйыммен байланыста болған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда ол Қазақстанда бүлік ұйымдастырып, билікке шабуыл жасау үшін арнайы келген. Қазір оның сыбайластары іздестіріліп жатыр.