Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтуде
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысып, осылай деп мәлімдеді. Кезектен тыс сессияны бастамас бұрын бір минут үнсіздік жарияланды. Содан соң Президент ұйымға мүше мемлекет басшыларын бітімгерлік күш жібергені үшін алғысын айтты, дәл қазір ұйымнан келген 2030 әскери мен 250 техника стратегиялық нысандарды күзетіп тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұйым тарихындағы алғашқы күш біріктіру екенін айта келе, бұл ұйымның әскери әлеуеті мен саяси дәрежесін нақтылай түскенін мәлімдеді. Сондай-ақ Президент Қазақстанның күштік құрылымдары ешқашан бейбіт тұрғындарға қарсы қарулы күш қолданбайтынын мәлімдеді. «Бейбіт демонстранттармен күрес – бұл жалған ақпарат», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Сонымен қатар Қазақстанда терроризмге қарсы ауқымды операция жақын арада аяқталады, ал онымен бірге ҰҚШҰ миссиясы да аяқталады», – деді ол.