Қ. Тоқаев: утилизациялық алыммен мемлекет айналасуы тиіс
Бұдан былай бұл жұмысты жеке кәсіпорын емес, мемлекет атқаруы керек. Ал утилизациялық алымның сомасын азайтуды міндеттеді. Қазіргі таңда бұл жұмысты жеке кәсіпорын, нақтырақ айтқанда «Оператор РОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарады. Ал «жемқорлықтың нышанына» айналған ЛРТ елордалықтардың көзіне жауыр болды. «Жоба әу баста-ақ қате болды» , – деді Президент. Оны құр сүріп тастау уақыт пен қаржыны талап етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы елге білікті урбанистерді шақырып, тиісті шешім қабылдау керектігін тапсырды. Сондай-ақ Президент алдағы 5 жылда депутаттар мен министрлердің жалақысын арттыруға тыйым салды. Тағы елде қарапайым халықтың жалақысы мен зейнетақысы артқанымен инфляция жоғары екендігіне тоқталды. Енді алдағы уақытта Үкімет инфляцияның өсімін тұрақтандыруы тиіс.