Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорына қатысты Үкіметке тиісті тапсырма берді

«Самұрық-Қазына» қорының активі бүгінде ішкі жалпы өнімінің 60 процентіне жуықтайды. Қор 2008 жылы құрылған, бүгінде қордың активі шамамен 69 млрд АҚШ доллары көлемінде. Қордың тиімділігіне күмән келтірген Президент аталған Қорға қатысты Үкіметке тиісті тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- «Самұрық-Қазына» қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқару ісінде басты рөл атқарады. Сондықтан Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн.