Мәжіліс Елбасының Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ға өмір бойы төрағалығын тоқтатты
Депутаттар бұл мәселені саяси партиялар туралы құжатты талқылау кезінде қарады. Барлық қажет түзету енгізілген Тұңғыш Президент-Елбасы туралы конституциялық заң жобасы Сенатқа жолданды.
Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Нақтылау туралы бұл түзетулерді заңнамалық жұмыс жөніндегі комитет енгізіп отыр. Бұл – Президенттің шешіміне сәйкес жасалып отырған өзгеріс. Яғни Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы да енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екені туралы шешім заңнамалық тұрғыда жүзеге асырылды.