Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Осы лауазымдағы Марат Еркінұлы Дәуешов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.