Президент облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді
Сонымен қатар Президент Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, әкімдер азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарауы керек, сондай-ақ аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет.
Үкімет пен әкімдіктерге жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын күшейтуді және өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды жалғастыруды тапсырды.