Отырысқа Премьер-министр, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты. Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, биылғы Жолдауын тиімді іске асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.