Тұңғыш Президент мәртебесі Конституцияда «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деп қана айқындалады
«Осылайша, Конституцияға Президенттен басқа лауазымды тұлғаны кіргізудің қажеті жоқ», – деді Бақыт Нұрмұханов. Естеріңізде болса, Конституциялық Кеңес Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі:
- Мемлекет басшысының жариялаған Екінші республика идеясын іске асыруға берік құқықтық негіз қаланады. Саяси құқықтық жүйеде мемлекеттік құрылым институттарының қарым-қатынастары өзара әрекеттесу тетіктері және халық алдыдағы жауапкершілігі артады.