Ерлан Қошанов: халық сенімін ақтау – негізгі міндет
Отырыс барысында партияның ел игілігі үшін қоғам алдында зор жауапкершілік алғаны айтылды. Тұрғындардың түйткілді мәселелерін дер кезінде шешу барлық деңгейде атқарылуы тиіс. Ол саяси ұйым мүшелерінің міндеті болып қала бермек. Сондай-ақ Ерлан Қошанов «Amanat» партиясының Сайлауалды бағдарламаның орындалуын жан-жақты бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне баса назар аударды.
Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:
- Бір нәрсе айқын. Партия еліміздің басты саяси күші болып қала береді. Біз ел басшылығымен біргеміз. Amanat – Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі. Сондықтан жұмысты тиімді ұйымдастыруымыз керек. Негізгі мақсат – халықтың сеніміне ие болу. Мұның бәрін істеу үшін не керек? Формализмнен бас тарту керек. Жасандылықтан бас тарту керек. Нақты іске көшу керек. Батыл бастамалар, шынайы шешімдер қабылдау керек.