Қ. Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы О. Бектеновті қабылдады
Бұл туралы Президент қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы айтты.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысына бизнеске заңсыз араласудан қорғау тетіктері жөнінде баяндады. Енді кәсіпкерлерге қатысты кез келген тергеу тек орталық аппараттың келісімі арқылы жүргізіледі. Мұның сыртында заңсыз әрекеттерді бақылайтын жұмыс тобы құрылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Жыл басынан бері елімізде мыңнан астам сыбайластық жемқорлық фактілері тіркеліп, 600-ден астам тұлға қылмыстық жауапкершікке тартылды. Олардың ішінде 1 вице-министр, 2 судья, 3 генерал бар. Елімізде тәртіп орнату, экономикамызды монополиядан босату жөнінде Президенттің тікелей тапсырмасымен жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде 220 млрд теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды.