Референдумға санаулы күндер қалды
Айта кетейік, аталған кен орындарында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы референдум учаскесі дайындалған. Ал Каспий қайраңында орналасқан Қашаған кен орнындағы қызметкерлер үшін тікұшақ ұйымдастырылады.
Серік Ерубаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Референдумның маңызын әрбір қазақстандық түсінуі керек. Мәжіліс депутаттары өңірлерге шыққан іссапарларда халықтың референдумға көзқарасын оң бағалап отыр. Олардың өз елінің болашағына деген көзқарастарын көріп, марқайып тұрмыз.