Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады
Оның көбі мемлекеттік сатып алулар, денсаулық сақтау, экология және балалардың құқықтарын қорғау салаларында анықталған. 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметші мен квазимемлекеттік сектордың қызметкері әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған. Президентке елдегі қылмыстық ахуал мен азаматтардың құқығын қамтамасыз ету барысында прокурорлар атқарған істер де баяндалды. Заңсыз ұсталған 596 азаматты босатылды. Бұған қоса, Берік Асылов Мемлекет басшысына бизнесті қалай қорғап жатқандарын да баяндады. Президенттің тапсырмасы бойынша прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты қозғалған барлық қылмыстық істің заңдылығын тексеріп жатыр. Жүргізілген тексерістер нәтижесінде өндірістегі 378 істің 36-сы тоқтатылды.
Мемлекет басшысына қаңтар оқиғасына байланысты тергеу амалдарының барысы да арнайы баяндалды. Бүгінде 489 азаматқа қатысты іс сотқа жолданған. 331 адам, негізінен ұрлық, тонаушылық, қару сақтау бойынша сотталған. Тек 23 адамға қатысты бас бостандығынан айыру туралы нақты шешім шыққан, қалғандарына жеңіл жаза кесілген. Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себебін жан-жақты тексеріп, оған кінәлілерді объективті түрде анықтауды, сондай-ақ тергеу қорытындысы жөнінде жұртшылыққа тұрақты ақпарат беріп тұруды тапсырды.