Ішкі істер министрі елде қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының қызметін бюрократиядан арылту, жұмысты цифрландыру жөнінде де баяндады. Сонымен қатар Президентке Жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзатындарды анықтауға бағытталған жаңа жүйенің жұмысы да таныстырылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге бірқатар тапсырма берді, соның бірі – интернет алаяқтығы мен қаржы пирамидаларына қарсы күресті жандандыру.