Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы тіркелді
Арасында Түркияның Жоғарғы сайлау кеғесінің төрағасы Мухаррем Аккая бастаған делегаттар бар. Олар осы жексенбіде өтетін референдумды бақылау үшін Түркістандағы учаскілерге барады.
Мухаррем Аккая, Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы:
- 5 маусым күні Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін референдумға байқаушы ретінде қатысамыз. Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен Түркістан қаласында боламыз. Бұл – менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Референдум – өте маңызды саяси науқан. Халықтың таңдауын білдіретін демократия құралы.