Елімізде қанша дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр?
Елімізде 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі қазір жұмыс істеп тұр. Өзге 52 мемлекетте 65 учаске ашылған. Айта кетейік, елімізде 12 млн-ға жуық адам өз таңдауын жасауға құқылы. Ал шетелде дауыс беретін отандастарымыздың қатары 11 мыңнан асады.
Жалғас Әділбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:
- Негізі ҚХР, Гонконг, Шанхайдағы жағдайға байланысты бюллетеньдерді DHL курьерлік қызметі арқылы жеткіздік. Түрікменстанға демалыстан оралатын Түрікменбашы қаласындағы консул арқылы жеткізілді. Қалған 61 учаскеге біздің қызметкерлеріміз дипломатиялық курьермен іссапарға барып, жеткізді.