Саясаттағы әйелдердің рөлі
Бұл рейтингті түзету үшін не істеу керек? Мемлекеттің дамуы мен биліктегі әйелдердің байланыс бар ма?
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әйелдердің саясатқа келуі б.э.д. болған. Қазіргі таңда әйелдер басқаратын мемлекеттерде өте жоғары даму бар. Мысалы, Прибалтика, Скандинавия елдерінде көптеген әйелдер басқарып, президент, премьер-министр болып жатыр. БҰҰ-ның статистикалық мәліметтеріне сәйкес көбеюде. Менің ойымша, әйелдердің саясатқа араласуы мемлекетке даму береді.
Биліктегі әйелдердің үлесі неліктен аз? Біздің қоғам дайын емес пе әлде ер-азаматтармен бәсекелесу қиынға түсе ме?
Жайнагүл Төлеміс, журналист:
- Әйелдердің билікте үлес санының аз болуы, азаюы Орта Азия кеңістігіне тән проблема емес, ол – жаһандық мәселе. АҚШ-тың өзінде әйелдердің үлес салмағы өте төмен деңгейде.Сондықтан да бұндай проблемалар институционалды деңгейде шешілу қажет. Әйелде қоғамда саяси сенімнің индикаторы өте жоғары. Әйел жемқорлыққа бармайды, болашағын ойлайды.
Индира Рыстина, ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, саясаттанушы:
- Заманауи трендтерді алып қарайтын болсақ, әлеуметтік дамуды өзіне негіз қылып алған мемлекеттерде әйелдердің басшылық етуі әлдеқайда көп. Біздің мемлекет әлі даму үстінде.
Жоғары биліктегі әйелдердің расымен де құзыреті бар ма?
Бейбігүл Нұрашева, PhD, Еңбек құқығы саласындағы сарапшы:
- Нақты біздің қоғамда, өздеріңіз байқағандарыңыздай, ең өзекті қоғам үшін ең өзекті болып жатқан мәселелердің барлығында әйел адам араласқан соң өзгерістер пайда болды. Менің ойымша, қоғамды біріктіре алатын, білім деңгейі жеткілікті, өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан, сонымен қатар аналық функциясы бар әйелдер мемлекетті басқара алады.