Кездесуде Қайырбек Сүлейменов елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформаларды жүзеге асыру аясында құқық қорғау жүйесі мен азаматтық қоғамды одан әрі дамытудың келешегі туралы ой-пікірін айтты. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.