Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші отырысы өтеді
Әлемдегі геосаяси ахуалдың тұрақсыздығы мен солтүстіктегі көршімізге салынған санкциялардың салқыны сезіліп жатқанда бұл жиыннан күтеріміз көп.
Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды шара алдында трансұлттық компанияның басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Кездесу барысында «Қарашығанақ» кен орнының өндіріс қуатын арттыру мәселесі, отандық өнімдерді қолдауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған істер жайы талқыланды.
Президентке осы «Қарашығанақ» кен орнындағы газ өңдеу зауыты құрылысының барысы, «Теңіз» кен орнынан экспортталатын газ көлемін ішкі нарыққа қайта тасымалдау және балама бағыттар арқылы Қазақстан мұнайын жеткізу мүмкіндіктері жөнінде де мәлімет берілді.
Кездесу барысында сұйытылған табиғи газ өндіретін модульді зауыттар салу жоспары жайы да сөз болып, «Қазақстан – Канада» іскерлік кеңесінің жұмысы аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларына назар аударылды.