Асхат Оралов: Конституцияға енгізілетін өзгерістер – саяси реформалардың басы ғана
Асхат Ораловтың сөзінше, референдум елдегі демократия институтының нығаюына септігін тигізді. Сондай-ақ диалог алаңында еліміздің сарапшылары және Премьер-Министрдің орынбасары болды. Әрқайсысы өткен саяси науқанның қорытындысына қатысты өз ойларын ортаға салды.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Қабылданған шешімнің қоғамның басын біріктіруге мүмкіндік жасады деп айтсам да артық айтқандық емес. Сондықтан осындай қабылданған шешімнің бәрі, сөз жоқ, елдің сана-сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Халық Президенттің қабылданған реформаларын қолдады.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
- Бұл маңызды саяси оқиға мемлекетті демократиялық құндылықтарға негізделіп құруға мүмкіндік береді деп сеніммен айта аламыз. Конституцияға енгізілетін өзгерістер – саяси реформалардың басы ғана. Елімізде жан-жақты жаңғырту жұмысы жалғасады. Біз соған белсенді атсалысамыз.