Қ. Тоқаев: Бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты
- Категория: Саясат

«Азық-түліктің кейбір түрі бірден 80% қымбаттады. Бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дәл қазір Елордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі.
Әсіресе геосаяси ахуал мен әлемдегі азық-түлік дағдарысы кезінде халықтың әл-ауқатын төмендетпеу – негізігі міндет. Жиында барлық министр мен әкім алдағы жоспарларын жайып салады.