Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады
Тауар өндірісі 3,3 көрсетілген қызметтер 2,4% артқан. Бұл туралы Мемлекет басшысына Премьер-Министр баяндады. Әлихан Смайыловтың айтуынша, Үкімет 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі жоспарын орындап келеді. Сонымен қатар Үкімет басшысы Президентке Қазақстанның 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікке қолдау көрсету және халықтың кірісін арттыру маңыздылығын атап өтті.