Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығына барды
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент іс басқармасы медициналық орталығының жанындағы мекеменің жұмысымен танысты.
Президентке алдымен диагностика блогы таныстырылды. Мұндағы заманауи жабдықтар кардиология, неврология және қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңінде анықтайды. Оның үстіне сканерлеу жылдамдығы жоғары. Сәйкесінше сол мәлімет бойынша нақты диагноз қоюға болады. Мамандардың айтуынша кей аппараттардың Орталық Азия мен ТМД елдерінде баламасы жоқ.
Орталықтың қызметіне емделуге жолдама алған әрбір қазақстандық жүгіне алады.