Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің делегациясын қабылдады

Президент оларға елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыты туралы айтып берді. Өз кезегінде мәртебелі меймандар Президенттің ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы бастамаларын жоғары бағалады.