Басты саяси додада Президент 7 жылға сайланады
Бұл өзгеріс қаншалықты орынды екенін елордалық сарапшылар бас қосып, талқыға салды. Олар халықаралық тәжірибенің озық мысалдарын саралай келе, президенттік институтты реформалау елге оң әсер етеді деген байламға келді.
Сара Идрышева, заң ғылымдарының докторы:
-Әрине, Венециялық комиссия бірнеше мәрте, қайта-қайта сайланып, қайта-қайта Президент лауазымына иелену деген ұстанымды қолдамайды. Ол халықаралық деңгейде негативті, яғни теріс түрде бағаланады. Сол себептен біздің Президент қазір тек қана бір мерзімге сайлануы керек деген нормамыз толық халықаралық құқыққа қазіргі заманғы құқыққа толығымен сай болып келеді.