ҚР СІМ ресейліктердің келуіне қатысты мәлімдеме жасады
Ресми ақпаратта: «Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы әрдайым сенімнің жоғары деңгейімен және сындарлы тәсілдерімен ерекшеленді. Қазіргі жағдайда Қазақстанның мемлекеттік органдары, қолданыстағы заңнама мен халықаралық шарттарды басшылыққа алады», — делінген. «Қазақстан - құқықтық мемлекет және барлық іс-әрекеттеріміз, осы қағидаттардан туындауы керек. Сондықтан қолданыстағы шарттар сақталып, ықтимал құқық бұзушылықтар, әкімшілік тәртіппен тоқтатылуы тиіс. Мемлекетте ұлттық мүддені қорғаудың тетіктері жеткілікті, бұл орайда ұлттық мүдде бәрінен де жоғары», — деп Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде жазылған.