Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысын осылай бастады. Шараға еліміздің Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров та қатысты. Сенат Спикері қаржы секторын жандандыру үшін жаңа Салық кодексі әзірленіп жатқанын тілге тиек етті. Ал сарапшылар салық мөлшерлемелері мен басқа да әлеуметтік аударымдардың халықаралық тәжірибесіне сүйеніп, ұсыныстарымен бөлісті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Бізге қазір алдағы жылдарда Қазақстанда кәсіпкерлерге жұмыс істеуге, өз кәсібі мен бизнесін жүргізуге мүмкіндік беретін нақты ережелер қажет. Бұл әділ, ашық, демократиялық Қазақстанның жаңа парадигмасын қалыптастырудың алғашқы қадамы. Жолдаудан туындайтын екінші міндет – Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік секторды және өзге де тетіктерді реформалау арқылы мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту.