Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл
Бұл туралы «Қазақстан-Қытай: тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» атты кітаптың тұсаукесерінде айтылды. Басылым қазақ, қытай, орыс тілінде жарық көрді. Кітапта бұрын басылмаған, екі тарап қол қойған құжаттардың толық тізімі және негізгі стратегиялық құжаттардың мәтіндері берілген. Қытай – еліміздің ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Былтыр екіжақты сауда айналымы 18 млрд доллардан асты.
Шахрат Нұрышев, Қазақстанның ҚХР Төтенше және Өкілетті елшісі:
- Өткен 30 жыл ішіндегі Қазақстан-Қытай қатынастарының басты жетістігі ретінде саяси қарама-қайшылақтардың жоқтығын, Қытайдың Қазақстанға қауіпсіздік кепілін беруі, шекара мәселесінің түбегейлі шешілуін, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын беру сұрағы бойынша келіссөздердің басталуын атап өтуге болады.