Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанымен өңірлерге шықты
Кандидат қоғамдық заңгерлермен, құқық қорғаушылармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Жиын барысында өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Айта кету керек, бұған дейін кандидат Көкшетау қаласына баруы керек еді. Бірақ ауа райы қолайсыздығына байланысты бұл іс-сапар кейінге шегерілді.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:
- Расында да халықтың жүрегінде көп маңызды сұрақтар жиналып қалған екен. Олардың күткеніндей бірқатар мәселелердің басын ашып айтуға тура келді. Кездесу көңілімнен шықты.