Хабар телеарнасы

Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы ШҚО-ның жұртшылығымен кездесті

Ал бизнес саласындағы жергілікті сарапшылар және кәсіпкерлермен кездесу кезінде сайлау алдындағы бағдарлама талқыланды. Үгіт-насихат шаралары жергілікті өндіріс саласында еңбек етіп жүрген жұмысшыларға да жетті. Еңбек ұжымың сауалдарына жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сапар барысында көпбалалы аналар да назардан тыс қалған жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары алтын құрсақты аналарға кандидаттың бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп берді.

Мәулен Әшімбаев, Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы:
- Ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, мызғымас мемлекеттік егемендік және еліміздің аумақтық тұтастығы қуатты Қазақстан құрудың негізі. Сондай-ақ бұл жолда ұлттық мүдде мен азаматтық патриотизмді қорғаудың маңызы зор. Алдағы уақытта бәріміз бірге қуатты Қазақстан құруды жалғастыра береміз деп сенемін.