Хабар телеарнасы

Тұрсынбекова Түркістан облысындағы трансформатор зауытына барды

Өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, мамандардың сұрақтарына жауап берді. 

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президентігіне кандидат:
- Өте керемет сұхбат өткіздік осы жерде, пікір алмастық. Мен өзім таң қалып отырғаным, осындай жағдайға душар болған жандар соншалықты мінездері қайратты, іштерінен жігерлі, сенімдері мықты өмірге деген. Кейде сау адамның соншалықты құлшынып өмірге деген үмітін, мақсатын байқамайсың.

Сондай-ақ Салтанат Тұрсынбекова Түркістандағы «Шапағат» мотивация орталығына барды. Мұнда тірек қимыл аппараты зақымданған жандар емделеді. 2019 жылы ашылған орталықта қазір 11 адам көмек алуда.